07.09.2022 _ 09:00

Қазақстан мен Өзбекстан басшылары телефон арқылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары телефон арқылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады

Мемлекеттер басшылары түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын стратегиялық серіктестік пен одақтастық пейілде талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды.