07.09.2022 _ 16:20

ТЖМ Қостанай облысындағы өрт туралы: өрт оқшауланды

Сағат 15:00-де Қостанай облысындағы өрт оқшауланды, жанып жатқан жерлер жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов мәлімдеді.

«Бүгінгі күні өрт тоқтатылды, түтіндеу болуы мүмкін жерлерде қарауылдау жүргізілуде. Бүгінгі таңда өрт оқшауланды», - деді спикер. 


Тілсіз жау 43 мың га жерді шарпыған, 91 тұрғын үй қирады. 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге ТЖМ, ІІМ, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің 2 мыңнан астам қызметкері, сондай-ақ 200-ден астам техника жұмылдырылды.