07.09.2022 _ 16:40

Қарағанды облысының ТЖД: Барлық ошақтар бақылауда

Бүгін сағат 17.00 жағдай бойынша өңір аумағында 8 табиғи өрт ошағы бақылауға алынды. Оның төртеуі үлкен табиғи өрттер, көлемі 50 га асады, және 4 дала жанулары, көлемі 50 га кем. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов мәлімдеді.

Барлық ошақтарға ТЖД жергілікті атқарушы органының ерікті жасақтары мен орман қожалықтарының күштері тартылып отыр. 


«Ең қауіпті күн кеше болды. 6 қыркүйекте өрт туралы 17 хабарлама келіп түсті, оның көбі оқшауланып, жойылды. Көлемі мың гектарды құрайтын ең ірі ошақ Шет ауданында Шопа елді мекенінің басында, ол да түске дейін оқшауланды. Күш жеткілікті, қазіргі кезде аэровизуалдық  барлау жүргізілуде. Барлық ошақтар бақылауда», - деді ТЖД бастығы.