07.09.2022 _ 17:10

ТЖМ дер кезінде ден қойды. Ведомство өкілі Аманқарағай ауылындағы өрттің баяу сөндірілгеніне қатысты айыптауларға жауап берді

ТЖМ, атап айтқанда, Қостанай облысының ТЖД өртке дер кезінде ден қойды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов осылай деді. Оған «жауапты тұлғалар уақытылы әрекет еткен жағдайда, мұндай залал болмас па еді?» деген сұрақ қойылды. Қазгидромет қауіпті жағдай туралы алдын ала ескертті. Әлеуметтік желілерде осындай пікір айтылуда.
ТЖМ дер кезінде ден қойды. Ведомство өкілі Аманқарағай ауылындағы өрттің баяу сөндірілгеніне қатысты айыптауларға жауап берді

«Сағат 15:00-де хабар келіп түскенде өрт орнына жақын орналасқан үш бөлімше дереу аттанды. Сонымен қатар өрт ауқымын түсіне отырып, оқиға орнынан 190 км қашықтықта орналасқан Қостанай қаласындағы облыс орталығында өрт сөндіруге қатыстыру үшін өрт сөндіру техникасының колоннасы жасақталды. Сондай-ақ орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері де тартылды, келесі күні таңертең өрт орнына ТЖ министрінің өзі ұшып барды, ол сөндіруді басқарды. Кешке қарай өрт орнына Ақмола облысының, Нұр-Сұлтан қаласының, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының бөлімшелері тартылды. ТЖМ дер кезінде ден қойды және қысқа мерзімде күштер мен құралдар тобын көбейтті, өртті сөндіруге тікелей көмек көрсеткен басқа да мемлекеттік органдар тартылды», - деп түйіндеді ведомство өкілі.