08.09.2022 _ 08:07

Қазақстан азаматтық авиация мен көлік тасымалын демонополизацияландырады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Отырысқа қатысушылар телекоммуникация саласындағы бірқатар мемлекеттік активтерді иеліктен шығару заңдылығы мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация мен автобус тасымалдарын (қоғамдық көлік саласы) демонополизациялау бойынша ұсыныстарды қарастырды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.