08.09.2022 _ 09:04

Қазақстанда ең үздік шертпе күй орындаушылар анықталады

2022 жылғы 23-26 қараша аралығында Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді.
Қазақстанда ең үздік шертпе күй орындаушылар анықталады Қазақстанда ең үздік шертпе күй орындаушылар анықталады

Мақсаты – қатысушылар арасынан дарынды жас өнерпаздарды анықтап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру,  күй өнері арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетті дамыту.

 Дәстүрлі музыка фестиваліне  16-мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта (домбыра) орындаушылар қатыса алады.

«Домбыра» номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурсқа өтінімдер 2022 жылдың 6 қыркүйек – 18 қараша аралығында  orkestrkurmangaz@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Анықтама үшін телефон +77016326064.

Толық ақпарат www.kurmangazy.com