09.09.2022 _ 11:13

Скандинавиялық антициклон Қазақстанға түнгі үсік әкеледі

Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына ауыса отырып, күздің суық ауа райын қамтамасыз етеді.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен, 11-12 қыркүйекте жауын-шашынның ықтималдығы республиканың басым бөлігінде байқалады: елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі және бұршақтың жаууы болжанады.

10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.