Бұл тұрғындарға бір мезетте медициналық, әлеуметтік, білім беру және тағы да басқа қызметтер жетілдіреді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлім етті.
«Қазіргі уақытта барлық ауылдық өңірлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің «адамға бағдарланған тәсіл» үздік тәжірибесі табысты енгізілуде, оның басым бағаттары инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтына үйрету, қан айналым жүйесі аурулары кезінде шұғыл көмек көрсету, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін пациенттер мен халықпен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады. Мұндай озық тәсіл Алматы қ., Жамбыл, Түркістан, Қарағанды және тағы басқа облыстарда тиімді енгізілген. Ал Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының көп салалы ауданаралық ауруханасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріне мүше 53 мемлекет үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік тәжірибесінің әлемдегі алғашқы демонстрациялық алаңы ашылды. Мұндай алаңдар еуропалық өңірде Испанияда, Швецияда және Қазақстанда жұмыс істейді», - деді А. Ғиният.
Айта кетейік, Еңбекшіқазақ ауданында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалы, алғашқы медициналық-санитарлық көмек мейіргерлері мен әлеуметтік қызметкерлеріне көмек сұрап жүгінгендердің саны ұлғайды, отбасылық дәрігерлерге жүгінгендердің саны үш есе артты, ал бейінді мамандарға жүгінгендердің саны 50%-ға азайды. Бұл модель барлық емханаларда енгізілуде.