09.09.2022 _ 12:03

Қазақстанда көп бейінді орталық аудандық ауруханалар ашылып жатыр

Емханаларда жұмыс істейтін мейіргерлердің функциялары кеңейтілді. Олар рецепт жазудан, құжаттарды ресімдеуден басқа, созылмалы аурулары бар пациенттердің динамикаларын қадағалайды, пациенттердің проблемаларын шешеді.
Қазақстанда көп бейінді орталық аудандық ауруханалар ашылып жатыр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.
Сонымен қатар «Алтын сағат» қағидатын сақтау, қолжетімді мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында елімізде көп бейінді орталық аудандық ауруханалар ашылуда.
«Атап айтқанда, Аягөз көп бейінді орталық аудандық ауруханасында үздік тәжірибелер мен стандарттар сәтті іске асырылуда. Ауруханада әлемдік және отандық практикада қолданылатын заманауи диагностика және емдеудің жаңа тәсілдері, соның ішінде кіші инвазивті операциялар, диагностикалық және емдік лапароскопия, холецистэктомия, аппендэктомия, артроскопия енгізілген. Осындай тәжірибені бүгінде 32 көп бейінді орталықтар аудандық ауруханаларды ұйымдастыру жоспарлануда», - деді ДСМ басшысы.