09.09.2022 _ 12:11

А.Ғиният: Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді

Мемлекет басшысының ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімділігін арттыру үшін тапсырмасын іске асыру аясында биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді. Оған сәйкес халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендерде медициналық көмекті медицина қызметкері үйде қамтамасыз етеді, бұрын ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған.
А.Ғиният: Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.
«Халық саны 50-ден 500 адамға дейінгі елді мекендерде медициналық пункт, ал халық саны 500-ден 1500 адамға дейінгі ауылдарда (бұрын 800-ден 1500-ге дейін) - фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады, бұл халыққа 3 медицина қызметкерінің (бұрын 1 медицина қызметкері) көмегін тигізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ халық саны 1500-ден 5000 адамға дейін (бұрын 10 000-ға дейін) – дәрігерлік амбулаториялар және халық саны 5000-нан астам ауылдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары ашылады. Бұл өзгерістер ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек алуының қол жетімділігін жақсартады», - деді А.Ғиният.