10.09.2022 _ 10:28

Қытайда этникалық қазағы қара тастан домбыра жасаған

Шебер Мұхамет Әбділдабекұлы қара тастан домбыра жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қытайдың Орталық халық радиосына сілтеме жасап.
Қытайда этникалық қазағы қара тастан домбыра жасаған

Хабарламада Шыңжаңның Алтай аймағына қарасты Айдартал ауылының тұрғыны Мұхамет Әбділдабекұлының осыдан он жыл бұрын салмағы 80 келі болатын қара тас тауып алғаны айтылады. Басында сатқысы келді. Алайда оларға ешкім қызықпаған. Сонда Мұхаметтің ойына тастан қазақтың ұлттық аспабын жасау туралы ой келеді.

AMP

Шебер мойындағандай, мұны істеу оңай болған жоқ. Мұны істеу үшін толық алты ай қажет болды.

«Тастан домбыра жасау мен ойлағандай оңай болған жоқ. Әсіресе, домбыраның қаңқасын жасау жұмысы ауыр болды», – дейді М.Әбділдабекұлы.

Айта кетерлігі, Мұхамет домбыра жасаушы болғандықтан, домбыра туралы көптеген танымдық кітаптарды оқып, халық шеберлерінен дәріс алып, бұл өнердің қыр-сырын белсенді түрде меңгереді.

AMP