13.09.2022 _ 08:44

Алматыда XXV Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі өтеді

20-22 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Көлік және логистика» атты 25-ші Қазақстандық халықаралық көрме өтеді.

Аталған көрмеге Латвия Республикасының Көлік министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Улдис Рейманис және Литва Республикасының Көлік және коммуникация Вице-министрі Лорета Маскалевиене қатысады деп күтілуде.

Іс-шара аясында «Қазақстан-Литва» Көлік жөніндегі жұмыс тобының отырысы және бейінді министрліктермен кездесулер жоспарлануда.