13.09.2022 _ 08:51

БҰҰ-ның Қарусыздану істері жөніндегі бюросының қамқорлығымен әлемнің 25 елінен жас дипломаттар Қазақстанға келеді

24-28 қыркүйек аралығында қарусыздану саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бағдарламасы стипендиаттарының Қазақстан Республикасына сапары өтеді.

Бұл бағдарлама жыл сайын БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен әлемнің 25 елінен келген жас дипломаттар үшін өткізіледі, олар өздерінің кәсіби мансабын одан әрі қарусыздану тақырыбымен байланыстырады деп күтілуде.

Бағдарлама жұмыс істеген жылдар ішінде Ұйымның стипендиаттары Қазақстанға 2013, 2015 және 2019 жылдары келген болатын. Сапарды ҚР Сыртқы істер министрлігі, Энергетика министрлігі және Ұлттық ядролық орталығы бірлесіп ұйымдастырады.

Сапар аясында стипендиаттар Курчатов қаласына, бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағына барады, сондай-ақ Ұлттық ядролық орталықтың қызметімен танысады.