13.09.2022 _ 09:55

Экономикалық даму бойынша Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент көш бастап тұр

Барлық көрсеткіштер бойынша төрт облыста оң экономикалық өсім байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.
Экономикалық даму бойынша Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент көш бастап тұр

«Өңірлік контексте жалпы жағдай 7 экономикалық көрсеткіш бойынша төмендегідей. Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім төрт облыста – Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалады», - деді Әлібек Қуантиров.

Сондай-ақ министр 8 өңірде алты көрсеткіш өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Бұл Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.