13.09.2022 _ 18:11

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті «Ақорда» резиденциясында қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Рим Папасы Францискті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы елдер көшбасшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Ватиканның әнұрандары шырқалды.

Содан кейін Президент пен Рим Папасы келіссөз жүргізу үшін «Шығыс» залына өтті.