15.09.2022 _ 07:35

Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан естелік медаль алды

Димаш Құдайберген Рим Папасымен кездесіп, Рим Папасының Нұр-Сұлтанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-ші съезіне келгені үшін мерейтойлық медаліне ие болды. Бұл қуанышты хабармен музыкант Instagram парақшасында бөліскенн

«Рим Папасына табыстаған медалі үшін көп алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Ол ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтарды да осы жиын кезінде алған сыйлықтарымен құттықтаған.

Айта кетейік, 13 қыркүйек күні «Астана Опера» театрында өткен съезд делегаттары мен қатысушыларына арналған концертте Димаш Құдайберген өнер көрсетті.