15.09.2022 _ 08:22

Қазақстан Президенті Самарқандта өтетін ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр.

Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы 15-16 қыркүйекте Самарқандта өтеді. 

Саммитте тараптар ШЫҰ-ның алдағы 10 жылдағы жұмысының векторын айқындайтын Самарқанд декларациясын қабылдайды, деп күтілуде.