15.09.2022 _ 09:58

Димаш Құдайберген Г.Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек алдында Қазақстанның әнұранын орындайды.

Димаш Құдайберген 17 қыркүйекте Головкин-Канело трилогиясында Қазақстанның әнұранын орындайды.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді, ол кезде Қазақстанда 18 қыркүйек күні таңертең болады. Жекпе-жектің басталуы шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-ге жоспарланған.

Көптен күткен кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.