15.09.2022 _ 13:50

Серіктестермен коллаборация жасау және шетелге шығу. ҚТЖ ірі холдингке айналады

«Қазақстан Темір жолы» компаниясы толыққанды логистикалық корпорация болып қайта құрылады. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, функционалдылықты өзгерту, ҚТЖ құзыретін күшейту, оның қатысу географиясын кеңейту жоспарлануда.

«Қазақстан - негізгі логистикалық өңірлік хаб, сондықтан транзиттік тасымалдардың өсу қарқынын сақтап, көліктік қызметтердің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, сондай-ақ сервис сапасын жақсартып, сараптамалық-транзиттік әлеуетті іске асыру қажетті. Осы мақсатта функционалдылықты өзгертуді, ҚТЖ құзыреттерін күшейтуді, оның ішінде талдау жұмысын жақсартуды, логистика бойынша құзыреттер орталықтарын құруды, компанияның қатысу географиясын кеңейтуді, яғни шетелде логистикалық қызметтерді ілгерілетуді, негізгі терминалдардың жұмысын күшейтуді, серіктестермен, көліктің басқа түрлерімен, оның ішінде яхталармен, авиамен, теңіз көлігімен коллаборация жасау, компаниялардың жұмыс істеуі үшін институционалдық негізді дамытуды, сондай-ақ қолданыстағы ұйымдық құрылымды және бизнес процестерді өзгертуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде компанияның жекелеген құрылымдық бөлімшелерін жекешелендіру қарастырылған», - деді спикер.  


Реформалар нәтижесінде Самұрық-Қазына тең инвестор ретінде Президент айқындайтын аса маңызды жобаларға ғана қатысатын болады.