16.09.2022 _ 08:03

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқандқа келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келді.

Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты «Silk road» туристік орталығында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Бұл жерде Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларымен бірге «Silk road» туристік орталығында өткен тал егу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.

Мемлекет басшыларының ертеңгі маңызды жиын алдындағы бейресми пікір алмасуы.