19.09.2022 _ 16:00

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен Қазақстан халқының 92% - дан астамы қамтылған

Бүгінде "Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу және дамыту" жобасын іске асыру шеңберінде ел халқын 92,43% қамтуға қол жеткізе отырып, 561 радиотелевизиялық станция пайдалануға берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен Қазақстан халқының 92% - дан астамы қамтылған

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату жобасы барлық тұрғындарды ақысыз негізде жерүсті цифрлық телехабар тарату қызметіне тең құқылы қол жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады. ЦЭТВ енгізілгеннен кейін облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалалардың халқы 30, облыс орталығынан төмен елдімекен тұрғындары-15 телеарнаға дейін дейін цифрлық форматта көре алады.
ЦЭТВ қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда "Қазтелерадио" АҚ www.tsetv.kz сайтына хабарласуға болады немесе 8-8000-800-193 (ұялы телефоннан қоңырау шалғанда тегін) және 193 (стационарлық телефоннан қоңырау шалғанда тегін) нөмірлері бойынша Call-орталыққа, сондай-ақ "Қазтелерадио" АҚ филиалының аймақтық сату орталығына хабарласуға болады.