20.09.2022 _ 07:57

ҚР Премьер-Министрі ресми сапармен БАӘ-ге келді

Дүйсенбі, 19 қыркүйекте, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді.
ҚР Премьер-Министрі ресми сапармен БАӘ-ге келді

Абу-Даби қаласында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің Министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен және елдің іскер топтар өкілдерімен кездесулер жоспарланған.  
 
Сондай-ақ бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.