20.09.2022 _ 11:01

Екібастұзда энергетикалық компания электр қуатының бағасын шарықтатты деген күдікке ілінді

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті қаладағы электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты монополистік әрекет белгілеріне байланысты тексеру бастады.

Кәсіпорынның 2019-2020 жылдардағы есептілікке сенімсіз кәсіпорындармен 583 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәмілелер жасалғаны туралы күдік бар. Бұл, өз кезегінде,  көрсетілген мерзімде тарифтік жоспардың өсуіне әсер етуі мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.