21.09.2022 _ 09:26

Үкімет басшысы Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысында жол апатынн қаза тапқан дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше кешкісін Қарағанды облысында қайғылы жағдай болғанын білесіздер. Сарышаған ауылының маңында жол апатынан 2 дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Олар «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлері медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан. Қаза болғандардың туыстарына, жақындарына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Премьер-Министр кеңесесіне Үкіметтің алдағы отырыстарының бірінің күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Осыған дейін қарағанды облысындағы жол апатынан 2 дәрігердің қаза тауып, 8-і жарақат алғанын хабарладық.