«Қазіргі уақытта бірнеше балабақшада пилоттық жоба іске асырылуда, тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі сынақтан өткізілуде. Тәрбиешінің жүктемесін азайтуға келсек, бүгінде түске дейін бір тәрбиеші, түстен кейін екінші тәрбиеші жұмыс істейді. Бірақ ол бірден 25 баламен жұмыс істейді. Ал халықаралық тәжірибеге қарайтын болсақ, онда бір тәрбиешіге одан аз баладан келеді. Сондықтан жүктемені де азайтуымыз керек. Сәйкесінше, балаға деген қамқорлық та, тиісті жұмыстың да тиімділігі артады», - деді министр.