26.09.2022 _ 11:20

Спортшылардың IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалды

Биыл көкпар спортынан құрама команда төрт жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ қазақ күресінен шетелдерде үш жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Спортшылар арнайы қажетті спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

«ҚР құрама командасы бұған дейін дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді қатысып, жүлделі орындар алған. Мысалы, жалпы командалық есепте 2014 жылы 2-ші орынға, 2016 жылы 3-орынға, 2018 жылы 2-ші орынға ие болған. Бұл нәтижелер елімізде ұлттық спорт түрлерінің қарқынды түрде дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осы алдағы ойындарда да ел құрамасы жоғары нәтижеге қолжеткізеді деген сенімдемін», - деді комитет төрағасы.