26.09.2022 _ 15:40

Ең төменгі жалақыны белгілеу әдістемесі әзірленуде

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, ең төменгі жалақыны белгілеу әдістемесі әзірленуде. Бұл жұмыстарды 2023 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

«Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны көтеру 1 миллион 800 мың адамды қамтиды. Ал бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1-ден 1,5 жасқа дейін ұзарту бойынша жәрдемақыны 500 мыңға жуық азамат алатын болады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әйелдердің зейнетақы жасы 2028 жылға дейін 61 жаста тоқтатылды. Осы уақытқа дейін базалық зейнетақы, ынтымақтастырылған жүйеден n зейнетақының көлемдері көтерілетін болды. Бұған қажет қаржы 2023-25 жж. арналған бюджет жобасына қосылды. Жалпы зейнетақы жасына байланысты қосылатын қаражатты есептегенде, осы зейнетақыны көбейтуге және азаматшалардың ерте зейнетке шығуына қажетті 4 трлн теңге қаржы бөлінеді», - деді министр.