27.09.2022 _ 10:30

Қазақстан әділет органдарының 30 жылдығы атап өтілуде

2022 жылдың 26 ​​қыркүйегінде Қазақстан Республикасы әділет органдарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған « Әділет пен құқыққа қызмет етудің  30 жылдығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Форумды Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Мәми іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөз жолдап, онда Қазақстанның әділет органдарының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттілік негіздерін нығайтумен, соның ішінде, ұлттық құқықтық жүйені құрумен тығыз байланысты екенін атап өтті. Барлық кезеңдерде әділет органдары еліміздегі заңдылық қағидаттарын орнықтыруға белсене атсалысты. Төрағаның құттықтау сөзін Конституциялық Кеңес мүшесі Р.Мұқашев жария етті.

Конференция жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері және шетелдік сарапшылар қатысты.