27.09.2022 _ 11:10

ІІМ: Елімізде бірқатар қылмыстар айтарлықтай азайды

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы баяндады.
ІІМ: Елімізде бірқатар қылмыстар айтарлықтай азайды

Ведомство басшысы еліміздегі криминогендік жағдайға тоқталды. Елімізде биыл жалпы 122 мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Құқық бұзушылықтар санының былтырмен салыстырғанда 2%-ға өсуі байқалады. 

«Елімізде бірқатар қылмыстар айтарлықтай азайды. Онын ішінде, қарақшылық, тонау, зорлау, мал ұрлығы, бұзақылық. Бұрын сотты болған адамдар тарапынан және масаң күйде жасалған қылмыстар саны да төмендеді», - деді министр.