27.09.2022 _ 11:30

Жолдау аясында қабылданған шаралар өз профилактикалық әсерін тигізді – М. Ахметжанов.

Қылмыстар құрылымының өзгеруі байқалады. Бұған бірнеше себеп бар. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының алдыңғы Жолдаулары аясында қабылданған шаралар өз профилактикалық әсерін тигізді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

«2019 жылы ұрлық, мал ұрлығы және зорлау ауыр қылмыстар санатына ауысты. Бұл нағыз «кәнігі» ұрылар мен қылмыскерлерді қамаққа алып, қоғамнан оқшаулауға мүмкіндік берді. Қылмысты қайталауға тосқауыл болды. Нәтижесінде, ұрлық саны 2 есеге азайды. Ал, мал ұрлығы – арнайы қылмыс құрамына енгізілді. Бас бостандығынан айыру жазасы – 12 жылға дейін көзделді. Бұл – мал ұрлығын 2,5 есеге азайтты. Зорлау қылмысы да ауыр санатқа жатқызылды. Татуласуға тыйым салынды. Күдіктінің осылайша жауаптылықтан қашуына тосқауыл қойылды. Нәтижесінде, бұл қылмыс саны 2 есеге қысқарды», - деді М.Ахметжанов.