27.09.2022 _ 11:45

Нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспары әзірленеді

Нашақорлық – бұл болашаққа балта шабатын індет. Нашақор доза үшін бәріне дайын. Тіпті өз туысына қарсы қылмысқа дейін барады. Сондықтан, мұны тек қылмыстық қудалау тәсілімен шешу мүмкін емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті.
Нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспары әзірленеді

Оның пікірінше, барлық уәкілетті органдар бірлесіп, алдын алудың тиімді жүйесін енгізу қажет.


«Мемлекет басшысының соңғы Жолдауы аясында министрлік кешенді жоспарды әзірлеуге кірісті. Атап айтқанда, есірткіге қарсы уәкілетті орган ретінде, Ішкі істер министрлігінің үйлестіру құзыретін күшейту, жаңадан шығып жатқан «синтетиканы» жедел түрде есірткі тобына қосу; және медициналық есепке алуды жетілдіру шараларын қабылдау жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.