27.09.2022 _ 12:10

ІІМ интернет арқылы алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді ұсынады

Интернет-алаяқтар қарапайым қазақстандықтарға 200 млн теңгеге зиян келтірді. Схема қарапайым. Өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстырады. Абоненттік нөмірлерді ауыстыру бойынша сервистерді пайдаланады. Азаматтарды несие алуға немесе сақтап қалу үшін ақшаны «қауіпсіз» шотқа аударуға көндіреді. Содан кейін ұрланған ақша халықаралық аударым қызметтері арқылы алынады, криптовалютаға аударылады немесе шекарадан қолма-қол ақша түрінде өткізіледі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ақшаның «кету» жолдарын айтып берді.
ІІМ интернет арқылы алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді ұсынады

Әдетте, полиция ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар адамдар - дропперлерді және оны ұйымдастырушыларды анықтайды. Олардың барлығы қылмыстық әрекетке әлеуметтік желілердегі хабарландырулар және мессенджерлер арқылы тартылады.

«Бұл ретте басты ұйымдастырушылар, әдетте, шетелде болады және процесті онлайн режимде «басқарады». Мұндай қылмыстық топтар елордада, Алматыда, Павлодарда, Таразда және басқа аймақтарда анықталды. Мәселен, қыркүйек айының басында Астанада және Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан ҰҚТ ұсталды. Олардың әрекеттерінен еліміздің түрлі қалаларында 70-тен астам азамат зардап шекті. Жәбірленушілер өтініш беруді жалғастыруда. Оларға 200 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Бүгінде 60 дроппер анықталды. Басқа елдердегі әріптестерімен бірге олардың серіктестерін шетелде ұстау шаралары қабылданып жатыр», - деді министр.  


Мұндай қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу үшін ІІМ бастамасы бойынша байланыс операторлары бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады.


Ол алаяқтар белсенді қолданатын нөмірлерді бұғаттайды. Сондай-ақ, есірткі қылмыстарымен күрестегідей интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту ұсынылып отыр.