27.09.2022 _ 12:56

Мемлекет басшысы экобелсенділердің іс-шарасына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының экобелсенділерімен бірге Ботаникалық бақта тал егу шарасына қатысты. Іс-шара соңында жастармен тілдескен Президент Отанды сүю адал еңбектен басталуы керек екенін айтты.
Мемлекет басшысы экобелсенділердің іс-шарасына қатысты Мемлекет басшысы экобелсенділердің іс-шарасына қатысты Мемлекет басшысы экобелсенділердің іс-шарасына қатысты

«Отанды сүю осындай адал еңбектен, пайдалы жұмыстан басталады. Еліміздің әрбір азаматы еңбекқор болуы керек. Баршаңызды қолдаймын, мақтан тұтамын. Өскелең ұрпақ – біздің үмітіміз, еліміздің болашағы. Біз ардагер болып мәңгі билікте отырмаймыз. Менің ең үлкен мақсатым – жастарға жол беру», – деді Президент Түркістан жастарына.