28.09.2022 _ 09:20

«eQonaq» ақпараттық жүйесінде 52 мың шетелдік турист тіркелген

Туризм индустриясы комитеті «eQonaq» жүйесінің аналитикалық деректеріне назар аударады. Апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді. Оларды орналастыру орындарында тіркеу бойынша Алматы, Астана қалалары және Маңғыстау облысы көш бастап тұр.
«eQonaq» ақпараттық жүйесінде 52 мың шетелдік турист тіркелген

«Тамыз айында ақпараттық жүйеде 52 мыңнан астам шетелдік турист тіркелген. Бүгінгі таңда «eQonaq» 10 мыңнан астам адамды орналастыруға арналған орынды қамтиды», - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде.