28.09.2022 _ 12:00

Босалқы жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері туралы қолда бар деректерді бірыңғай дерекқорға біріктіру жоспарлануда

Кәсіпкерлерге жер бөлудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттер шеңберінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

 «Заң жобасы жер учаскелерін Жария кадастрлық картаға беру тәртібінің рәсімдерін оңайлатуды және жер қатынастары саласындағы қызметтерді цифрландыру арқылы қызмет алушылардың әкімдіктермен өзара іс-қимылын барынша азайтуды көздейді. Бұл түзетулер жер комиссиясы институтын алып тастайды, жер учаскелерін беру рәсімін біріздендіреді, жер учаскелерін беру рәсімін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Жалпы, заң жобасын жыл соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ босалқы жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері туралы қолда бар деректерді бірыңғай дерекқорға біріктіру жоспарлануда», - деді ауыл шаруашылығы министрі.