28.09.2022 _ 12:30

АШМ: Ұн-бидай экспортына шектеу жоқ

Биыл қыркүйек айынан бастап ұнның да, бидайдың да экспортына квоталар алынып тасталды. Яғни, экспортқа ешқандай шектеу жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев журналистің сұрағына берген жауабында мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

Оның айтуынша, биыл 13,5 млн тонна бидай жинау жоспарланған. 

«Егін жинау науқаны аяқталуда. Былтырғы жылдан қалған 1,5 млн тонна бар. Ішкі тұтыну көлемі Қазақстанда 6,5-7 млн тонна болса, экспортқа 6-7 млн тонна бидай, ұн шығаруға мүмкіндік бар. Бұл ішкі нарықтағы тұтыну көлемін толықтай қамтамасыз етеді, сондай-ақ шаруашылықтарға жинаған бидайды сыртқа шығарып, табыс табуына әсер етеді», - деді Қарашөкеев.