28.09.2022 _ 14:39

Қазақстан мен Корея өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтарынан қабырғаға арналған материалдарды өндіру мәселесін талқылауда

Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов Кореяның азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институтының профессорлық құрамымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар елімізде өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтарынан, атап айтқанда күлден қабырғаға арналған материалдарды өндіру технологиясын енгізу мәселесін талқылады. Өз кезегінде шетелдік делегация жаңа өндіріс технологиясымен таныстырып, институттың Назарбаев Университетімен осы технологияны зерттеу және қолдану жөніндегі бірлескен жұмысы туралы баяндап берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов аталмыш жаңа бағытты тереңірек зерттеуді, сондай-ақ Жамбыл облысындағы "Қазфосфат" АҚ зауытында фосфогипс қож шөгінділерінің қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастыруды тапсырды.