29.09.2022 _ 07:54

Үкіметте «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске асыру тетігі егжей-тегжейлі қаралды

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өткізді.
Үкіметте «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске асыру тетігі егжей-тегжейлі қаралды

Кеңеске Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері қатысты. 

AMPОтырысқа қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруды талқылады. Сондай-ақ мемлекеттік шығындардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау әдістемесі және «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске қосу мәселесі қаралды.

AMPЖиынды қорытындылай келе, Е. Жамаубаев мемлекеттік шығындардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау бойынша жұмысты жалғастыруды және «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске асыру тетігін егжей-тегжейлі әзірлеуді тапсырды.