29.09.2022 _ 12:30

Келешектегі сақтандыру. Сақтандыру шарты бойынша жинақталған сомаға қарамастан оқу құны төленеді

Заңда көзделген өмірді сақтандырудың жаңа әлеуметтік маңызды өнімдерінің бірі Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберіндегі білім беру жинақтау сақтандыру өнімі болып табылады. Бұл сақтандыру өнімі банк депозитіне балама болып табылады. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның айтуынша, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша МБЖЖ бағдарламасына 4 банк қатысады және жалпы сомасы шамамен 33,5 млрд теңгеге барлығы 22 мың депозит ашылды.

«Сақтандыру секторын енгізумен бағдарламаның белсенділігі артады деп үміттенеміз. Банктік депозитке қарағанда, бұл өнім қосымша сақтандыру қорғауын ұсынады. Ата-анасы қайтыс болған немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда сақтандыру шарты бойынша жинақталған сомаға қарамастан оқу құны төленеді. Бұдан басқа, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төлемдердің толық сомасына кепілдік береді, ал банк салымы бойынша кепілдік 10 млн теңгеден аспайтын соманы жабады», - деді Хаджиева. 
Өмірді сақтандыру компанияларының МБЖЖ-ға қатысуы осы өнімді сатудың баламалы арнасын құруға және халық арасында осы жүйенің танымалдығын арттыруға мүмкіндік береді.