29.09.2022 _ 14:10

Қаржы министрлігі ақпарат жүйесі бойынша көп жобаны іске асырды

ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы баяндады. Ең басты тапсырмалардың бірі – бұл жаңа Салық және Бюджет кодекстерін енгізу. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін жаңарту, салықтық бақылауды толық цифрландыру, салықтық және кедендік ақпарат жүйелерінің интеграциясын аяқтау мәселелері көтерілді. Қазіргі таңда бұл тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қаржы министрлігі ақпарат жүйесі бойынша көп жобаны іске асырды

«Соңғы 3-4 жылда Қаржы министрлігі шеңберінде ақпарат жүйесі бойынша көп жоба іске асырылды. Атап айтқанда, «E-Salyq Azamat» жобасы - жеке тұлғаларға жеңіл түрде ақпарат алуға, декларация тапсыруға қызмет түрін алуға қолжетімді жаңа жүйе. Қазіргі кезде оны 1,5 млн жуық адам қолданылып отыр. Бұл сұранысқа ие жүйе. Сондай-ақ «E-Salyq Виѕіпеѕѕ жүйесі» кәсіпкерлерге қызмет түрлерін алуға, өлшемдерін өзгертуге, декларация тапсыруға, басқа да қызметтер көрсетуге арналған. Үшінші жоба – «АСТАНА-1» жобасы. Айта кетейік, кедендік рәсімдер 3-4 жылда толық автоматтандырылды. Декларациялар 100% электронды түрде тапсырылады, «жасыл дәліз» жүйесі бойынша 1 минут ішінде 82% автоматты түрде. Келесі жоба бір терезе қағидаты бойынша енгізілген жоба. Оның мақсаты – барлық рұқсаттама қағаздарын ортақ кедендік жүйеге қосу арқылы тез қызмет көрсету. Нәтижесінде қызмет көрсету уақыты 6 есеге қысқарды», - деді вице-министр. 


Оның айтуынша, тәуекелдерді басқару жүйесі салық жүйесіне де, кедендік жүйеге де енгізілді. Бұл қосылған құн салығын қайтарған кезде, тексеріс процестерін жүргізген кезде қолданылады.