Әдетте, еліміздің оңтүстік өңірінде ең көп өмір сүреді деуге болады. Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 75 адам бар екенін айта кету керек,
Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында еліміздің ең ірі қаласы – Алматы. Онда 100 жастан асқан 62 адам тұрады.
Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 55 адам тұрады.
Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Түркістан облысының тұрғындары – 121 жас, Шымкент қаласы – 120 жас, Жамбыл облысы – 119 жас кірді. Қазақстанда барлығы 100 жастан асқан 31 адам тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады.
Оны өткізудің басты мақсаты-егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.