30.09.2022 _ 10:23

Мемлекет басшысы Абай облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Президент Семей жұртшылығымен кездесіп, өңірдің бірқатар мәдени-білім беру ошақтарын аралап көруді жоспарлап отыр.