02.10.2022 _ 09:46

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Ұстаз деген - қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз - жоғары деңгейдегі тұлға. Ұстаздар күні құтты болсын!

Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз», - делінген Президент құттықтауында.