04.10.2022 _ 10:20

Қазақстанда урбандалу деңгейі 60 пайызды құрады

Бүгінде әлемде урбанизацияның белсенді процесі жалғасуда. Қалалар экономикалық өсу мен өркендеу орталығына айналуда. Егер 1960 жылы әлем халқының 1/3 бөлігі ғана қалаларда тұрса, БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай қала тұрғындарының үлесі 68%-ға жетеді.
Қазақстанда урбандалу деңгейі 60 пайызды құрады

Урбанизацияның әлемдік үрдісін Қазақстанда да байқауға болады. 2022 жылдың басындағы жағдай бойынша елдегі урбанизация деңгейі 59,4% құрады.