Аталған тақырып бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.
ИИДМ басшысының хабарлауынша, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесі – елді мекендердің ағымдағы және жоспарланып отырған дамуы туралы ақпаратты қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі.
Бұл жүйе цифрлық бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы, инженерлік инфрақұрылым, көше-жол желісі, сондай-ақ абаттандыру туралы деректерді жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді.
Жүйенің негізгі міндеттері:
- қала құрылысы кадастры деректерін толтыру және өзектендіру,
- халықпен бизнесті инженерлік желілер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету,
- инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру есебінен техникалық шарттарды алудың ашық процесін қалыптастыру.
Қала құрылысы кадастры жүйесі өнеркәсіптің жоспарланған және жұмыс істеп тұрған объектілеріне, әлеуметтік инфрақұрылым бойынша ақпараттың кең ауқымын қамтиды. Қала құрылысы кадастрының тақырыптық деректер базасы, өңірдің экономикалық мамандануын, инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін, өңірде ұқсас объектілердің болуын және олардың жүктемелігін ескере отырып, инвестицилық жобаларды оңтайлы орналастыруды таңдауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, әлеуметтік объектілердің цифрлық деректерінің болуы, тіршілік инфрақұрылымын базалық қамтамасыз етуді бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, басқарушылық шешімдерді оңтайлы қабылдаудың цифрлық құралы қалыптастырылды.
Қ. Өскенбаевтың айтуынша, қала құрылысы кадастры қала құрылысы қызметінің ашықтығын, қала құрылысы жобаларын әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Ол үшін біз объектінің бірегей нөмірін енгізуді пысықтап жатырмыз. Бұл біріздендіру, жеке сәйкестендіру нөмірмен ұқсастығы бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді, адами факторды болдырмай, бас жоспарларға және егжей-тегжейлі жобалау жоспарларына сәйкес жүйеде эскиздік жобаны келісуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құжаттардың нысаналы мақсатқа сәйкестігіне түпкілікті тексеруді жүргізуге мүмкіндік береді», — деді Қ. Өскенбаев.
Аумақтардың бос қуаттары бойынша деректердің ашықтығы – инвесторлар мен қарапайым халық үшін негізгі проблемалардың бірі. Қазіргі уақытта елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 890-ға жуық табиғи монополиялар субъектілері жұмыс істейді. Оның тек 21-і геоақпараттық жүйелерде жұмыс істейді.
Табиғи монополиялар субъектілерінің желілердің қуаттылығы мен оларға қосылу мүмкіндігі туралы мәліметтерді ұсынудағы проблемалық мәселелері атап өтіледі.
Қала құрылысы кадастрының жүйесі инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қосылу бойынша, халыққа және бизнеске ашық мәліметтер беру үшін цифрлық платформамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осылайша, табиғи монополиялар субъектілерінің қала құрылысы кадастры жүйесінің деректерін пайдалана отырып техникалық шарттарды беруі, өз кезегінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналасқан және бос қуаттарды көрсету, халық пен бизнес үшін ашық процесті жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар бос қуаттарды брондау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ бұл инженерлік желілердің деректерін қала құрылысы кадастрының бірыңғай ашық геоплатформасында үздіксіз өзектендіруге мүмкіндік береді.
Бұл жүйе пайдалануға берілген тұрғын үй бойынша деректердің сенімді енгізілуін қамтамасыз етуге де ықпал етпек.
Осы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі есептік деректердің манипуляциясын, статистикалық есептілікті ұсыну кезінде деректердің бірнеше рет қайталануын анықтады.
Осыған байланысты, объектілерді пайдалануға беру актілерін геобайланыстыру мен жылжымайтын мүлік тізілімінің статистикалық деректерімен және базасымен салыстыру үшін қала құрылысы кадастры жүйесін қолдану енгізілді.
«Сонымен қатар біз объектіні пайдалануға беру актілерімен бірге атқарушы түсірілімдерді мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізу бойынша заңнамалық түзетулерді пысықтап жатырмыз. Бұл шара, қосымша бюджеттік шығыстарсыз желілерді ағымдағы түгендеуді жаңартуды, сондай-ақ аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша халыққа және бизнеске өзекті деректерді ұсынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Қ. Өскенбаев.
Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазреестр» ақпараттық жүйесінде көрсету үшін объектінің бірегей нөмірі бар қала құрылысы кадастрының деректерін пайдалану мүмкіндігін де пысықтап жатыр. Бұл деректерді қайтадан енгізуді және осылайша үлестік құрылыс кезінде тұрғын үйді қайталап сатуды болдырмау үшін объектілерді кеңістіктік байланыстыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрылыс саласын одан әрі дамыту мақсатында Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде Үкіметке бірқатар міндеттерді айқындады. Атап айтқанда,
Біріншіден, әрбір ірі қала бойынша жер учаскелерінің функционалдық интерактивті карталарын және коммуналдық желілердің схемаларын жасау.
Екіншіден, жер кадастрында өнеркәсіптік мақсаттағы учаскелердің карталарын көлік және коммуналдық инфрақұрылымның өзекті схемаларымен толықтыру.
«Бұл міндеттер қала құрылысы кадастры жүйесі арқылы іске асырылады. Бірыңғай инфрақұрылымдық деректер геопорталы жүйесі қала құрылысы кадастрының ашық контуры болып табылады. Қазіргі уақытта бұл жүйеге әкімдіктер мен коммуналдық қызметтер қол жеткізді. Объектілерді есепке алу және паспорттау үшін 2 мыңнан астам есептік жазба жасалды. Деректерді жинау және желілерді түгендеу жұмыстары 2018 жылдан бастап жүзеге асырылуда», — деді Қ. Өскенбаев.
2020 жылдың соңында цифрлық мәліметтерді жинау, визуализациялау және өзектендіру үшін қала құрылысы кадастрының инфрақұрылымдық деректерінің ашық геопорталы іске қосылды. Бұл кезеңде жергілікті атқарушы органдарға берілген мәліметтерді ескере отырып, аудан орталығы деңгейіне дейін 333 мың гектар аумақты қамти отырып, инфрақұрылымдық деректердің 65%-ы жиналды. Инженерлік желілерді 2024 жылға дейін толық цифрландыру үшін желілердің 35%-ын цифрландыру керек.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша желілерді цифрландыру еліміздің 5 өңірінде аяқталды. Алайда, аталған 5 өңірдің тек Атырау облысы бойынша деректері қала құрылысы кадастрын жүргізу нормативіне толық сәйкес келеді.
Жамбыл облысы бойынша деректердің 90%-ы жүктелген.
«2022-2024 жылдары түгендеуді қаржыландыру сомасы 10 млрд теңгені құрайды. 2022 жылы жоспарланған 3,8 млрд теңгеден барлығы 2,1 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 0,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 1,4 млрд теңге бөлінді», — деді Қ. Өскенбаев.
Инженерлік желілерді цифрландыру бойынша жылдық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізбеу қаупі бар, ол 70% құрайды.
«Толық қаржыландыру кезінде 2024 жылға қарай біз желілерді цифрландыруды 100% қамтамасыз етеміз», — деді Қ. Өскенбаев.
Өзекті бас жоспарлармен және оларға сәйкес келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен толық қамтамасыз етілмегендіктен, елді мекендерде заңсыз құрылыс салу проблемалық мәселе болып қала береді.
Қала құрылысы кадастрының цифрлық базасын қалыптастыру шеңберінде шамамен 900 қала құрылысы жобасы бірыңғай формат пен құрылымға келтірілді.
Жер кадастрының өнеркәсіптік мақсаттағы жер учаскелерінің картасын көлік және коммуналдық инфрақұрылымның өзекті схемаларымен қамтамасыз ету мақсатында қала құрылысы және жер кадастрларының ақпараттық жүйелері интеграцияланады.
Көлік және инженерлік инфрақұрылымды ескере отырып, жер учаскелері туралы деректерді жариялау аумақтардың дамуын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бизнестің перспективалық дамуы мен экономикалық өсудің ұлғаюына жағдай жасайды.
Елді мекендерде жер учаскелерінің интерактивті карталарын және желілер схемаларын қалыптастыру үшін заңнамалық шаралар пысықталып жатыр. Олардың қатарында:
1) табиғи монополиялар субъектілерінің бос қуаттылықтары мен желілердің сипаттамалары бойынша деректерді міндетті ұсынуы;
2) қала құрылысы жобаларына қала құрылысы сараптамасын енгізу сияқты шаралар бар.
Қала құрылысы жобалары мен инженерлік желілер бойынша барлық деректер қала құрылысы кадастрында орналастырылатын болады.
Бұл шаралар:
- біріншіден, құжаттарды қала құрылысы регламенттерімен түпкілікті тексеру (салыстыру) үшін құрылыс объектілерінің бірегей нөмірлерін енгізуге;
- екіншіден, бас жоспарлардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының талаптарын орындау және аумақтарды нүктелік тығыз құрылыс салу мәселесін шешуге;
- үшіншіден, техникалық шарттарды берудің ашықтығын және қуаттарды брондау мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
- төртіншіден, тұрғын үйді енгізу деректерінің шынайылығын қамтамасыз етуге;
- бесіншіден, инфрақұрылымға қолжетімділігі бар жер учаскелерінің ашық және жедел берілуін қамтамасыз етуге;
- алтыншыдан, бірінші кезекте қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, құрылыс объектілерін іске асыру кезеңділігін сақтау жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға толық мүмкіндік береді.
Бизнес пен халық үшін жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімді болуы үшін деректерді цифрландыру бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндады.
Бүгінгі күні қала құрылысына жататын бас жоспарлар, инженерлік желілер, ауыл шаруашылығы жерлері және т.б. деректерді цирландыру бойынша мемлекеттік органдар мен әкімдіктермен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Цифрландырылған деректерге қолжетімділік «Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрынның», Жария кадастрлық картасы арқылы ұйымдастырылды. Бірыңғай кадастр - халық пен бизнеске әртүрлі жүйелердегі жер, қала құрылысы, орман, су және басқа да кадастрлар, сондай-ақ аймақтық геоақпараттық жүйелердегі мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін «бір терезе» болып табылады.
Б. Мусиннің айтуынша, бұл жер учаскілерін беру бойынша мемлекеттік қызметті цифрлық түрде алу үдерісін оңтайландырады. Аталған ақпараттық жүйені тиімді іске асыру келесі іс-шаралардың орындалуына тікелей байланысты.
Бірінші, әкімдіктер тарапынан инженерлік желілерді түгендеу жұмыстары жеткіліксіз қаржыландыруда.
«Осы жылы әкімдіктер инженерлік желілерді цифрландыруға жоспарланған көлемнің 45%-ын ғана қаржыландырған. Бұл жоспарланған 57,4 мыңнан 32,9 мың гектарын ғана құрайды. Осыған байланысты, әкімдіктер осы бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет», — деді ЦДИАӨМ басшысы.
Екінші, бұл деректердің үздіксіз өзектендірілуі. Қазіргі бизнес-процесс - ұсыну және кейінгі сараптама мен жариялауды қоса алғанда ұзақ уақытты алады, әрі қазіргі технологиялық талаптарға сай келмейді. Сондықтан, ақпараттық жүйелердегі деректер тікелей интеграциялау арқылы тұрақты өзектендірілуі қажет.
Үшінші, табиғи монополия субъектілері бүгінгі күні өз ақпараттық жүйелерінде деректердің бар екенін сылтаулатып, желілер, техникалық сипаттамалар және бос қуаттар бойынша деректерді ұсынбайды.
«Бұл міндеттемелерді біз тиісті заң жобасында түзетулер енгізу аясында көздедік», — деді Б. Мусин.
Төртінші, Қала құрылысы кадастрының деректері халыққа қызмет көрсету нәтижесі бойынша күн сайын өзектендіріліп, бірыңғай форматта ұсынылуы қажет.
Бесінші, бүгінгі күні қолданыстағы 1942 жылғы, 1963 жылғы және жергілікті координаттар жүйелері технологиялық тұрғыдан ескірген. Бұдан бөлек, цифрлық дерекетрді жариялау кезінде үлкен аутқуларға жол береді. Бүгінде барлық ТМД елдері заманауи координаттар жүйесіне көшкен.
Осыған орай, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы» жобасын іске асыруда. Жоба шеңберінде бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесі орнатылып, ашық пайдаланудағы цифрлық картографиялық негізі жасалынады.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің хабарлауынша, өңірдегі 155 елді мекеннің 131 елді мекеніне бас жоспарлар әзірленді. Атырау облысының Геопорталы 2016 жылы құрылды. Геопортал аясында облыстың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы 50800 га жасақталып, инженерлік желілерді түгендеу және цифрландыру 100%-ды құрады.
Қазіргі таңда қала құрылыс жоспарлау жобаларына жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2016 жылдан бастап Геопортал қызметін іске асыру үшін 2,2 млрд теңге жұмсалды. 2019 жылдан бастап портал арқылы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Геопортал арқылы игерілмеген 237 жер учаскесі және өз еркімен басып алу бойынша 231 факті анықталып, жалпы сомасы 91 млн теңге айыппұл салынды.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдің елді мекендерінің салынған аумақтары небәрі 27 743 гектарды құрайтынын хабарлады. Жыл соңына дейін 9 895 гектар аумаққа инвентаризация жүргізіледі. (35,7%).
«2024 жылдың соңына қарай 17,8 мың гектар аумаққа инвентаризация жүргізу талап етіледі. Биыл Қарағанды қаласы бойынша 9,2 мың гектар алаңда инвентаризациялау жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Облыстық бюджетті нақтылау кезінде желілерді инвентаризациялауға 550,3 млн теңге қаржы бөлінетін болады. Облыс бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2022-2024 жылдарға барлығы 1 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр», — деді Ж. Қасымбек.
Сонымен қатар 364 елді мекеннің 355-не бас жоспарлар әзірленді. Сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар бойынша 48 жобалау құжаты әзірленді Инвентаризациялау бойынша барлық қолда бар қала құрылысы құжаттамалары мен электрондық карталар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін берілді.