04.10.2022 _ 12:12

Әкімшілік кодекске сәйкес. Заңға енгізілген түзетулерде әртістерді «сахнадағы әдепсіз қылықтары» үшін жазалау қарастырылған

2020 жылы мәдени ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырушылар мен орындаушыларға қойылатын талаптарды белгілейтін, фонограмманы пайдалану туралы міндетті түрде хабардар етуді, сондай-ақ әдепсіз қылықтарға жол бермеу бойынша этикалық сипаттағы әртістерге қойылатын талаптарды көздейтін «Мәдениет туралы» Заңға түзетулер енгізілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте МСМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова мәлімдеді.

Оның айтуынша, ведомство келесі кезеңге өтеді. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс шеңберінде осындай мінез-құлыққа жол берілген жағдайда айыппұл санкцияларын енгізу жөніндегі жұмыс.