04.10.2022 _ 13:40

«ҚазжолҒЗИ» әр өңір үшін жол төсемдерінің үлгілік конструкцияларын қалыптастырылады

Жол құрылысының сапасына қатысты мемлекет пен халық тарапынан шағымдар көп. Бұл күрделі мәселелердің бірі, ол туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі біледі және оны шешуге тырысуда. Ол қалай жүзеге асырылады? Бұл туралы ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаев айтып берді.

Оның сөзінше, шетелде жиі қолданылатын технологиялар мен материалдар біздің климатымызға жарамсыз болуы мүмкін. Сондықтан өзіміздің ноу-хау жасалды.  


«Қазіргі кезде ел бойынша нормативтерге сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде үш климаттық шарт қолданылады. Бізде бір өңірдің өзінде бірнеше климаттық жағдай болуы мүмкін. Сондықтан біз жүйелі түрде шара қабылдаймыз. Бірінші кезекте, «ҚазжолҒЗИ» базасында жол құрылыс материалдарының жаңа технологияларының бірыңғай базасы құрылады, материалдардың, карьерлердің, битум зауыттарының сапасы, сондай-ақ жаңа технологиялар, климат ерекшеліктері, геологиялық және гидрогеологиялық деректер зерделенетін болады. Бұл біздің институтқа қозғалыс қарқындылығын, есептік жүктемелерді ескере отырып, әр өңір үшін жол төсемдерінің үлгілік конструкцияларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Яғни, біздің институт жолдағы іргетастың негізін жобалық ұйымға бере отырып, «бұл өңірде көптеген климаттық жағдайлар бар» деп айта алады. Мысалы, Астанадан Баршынға дейінгі жол көптеген климаттық жағдайлардан, рельефтер мен жер бедерінің ерекшеліктерінен тұрады, бір жері құм, бір жері саз топырақ, әрине, әр учаскеге бөлек жол төсемінің өзіндік конструкциясы қажет», - деп атап өтті спикер.  


Айта кетейік, ҒЗИ сарапшылары жобаларды мемлекеттік сараптауға да қатысады: жобаны іске асыру кезінде барлық ұсынымдар қолданылды ма, жоқ па? Бұл өте маңызды! Өйткені егер белгіленетін ұсыныстар мен талаптар қатаң сақталмаса, онда сапаны қамтамасыз ету мүмкін емес.