04.10.2022 _ 17:10

Рим Папасы Франциск Қазақстанға арнайы месса арнады

21 қыркүйек күні таңертең Рим Папасы Франциск дәстүрлі жалпы аудиенцияны Қазақстан Республикасына апостолдық сапарының қорытындыларына арнады.

Ватикандағы Әулие Петр алаңында мыңдаған қажыларға сөйлеген Рим Епископы:

«Өткен аптада сейсенбіден бейсенбіге дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезіне орай Орталық Азиядағы алып мемлекет – Қазақстанда болдым. Республика Президентіне және Қазақстанның басқа да билік органдарына мені жылы қарсы алғаны және оны ұйымдастырудағы жомарт еңбектері үшін тағы да алғысымды білдіремін. Сондай-ақ епископтарға және барлық қызметкерлерге атқарылған үлкен жұмыс үшін, әсіресе олармен кездесуге және олардың барлығын бірге көруге мүмкіндік берген қуанышы үшін шын жүректен алғыс айтамын”, – деді Рим Папасы Франциск.