10.10.2022 _ 14:09

Бас прокуратурада капиталды шетелден қайтарумен айналысатын қызмет құрылды

Мемлекет басшысының елге заңсыз шығарылған қаржы қаражатын қайтару, сондай-ақ экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде осы бағыттағы барлық мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 қазандағы №1029 Жарлығымен Бас прокуратурада Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі құрылды.
Бас прокуратурада капиталды шетелден қайтарумен айналысатын қызмет құрылды

Бас прокуратура құрылымындағы бұл өзгерістер елден капиталдың кетуіне және шығарылған активтерді қайтаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауға мүмкіндік береді.

Құрылған Қызметтің негізгі міндеттері – экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және тауар нарықтарын монополиясыздандыруға, сондай-ақ шетелден заңсыз активтерді репатриациялауға ықпал еткен жағдайларды анықтау бойынша жүйелі шараларды әзірлеу және іске асыру.