11.10.2022 _ 09:50

KazAgro/KazFarm-2022 көрмесіне 20 жуық елден 300 аса компания қатысады

KazAgro/KazFarm-2022 дәстүрлі халықаралық көрмесі аясында АӨК-нің перспективалық бағыттары бойынша конференциялар мен семинарлар өткізіледі. Бұл - Орталық Азиядағы ең ауқымды көрме. Оған биыл 20 жуық елден 300 аса компания қатысады. Бұл туралы ОКҚ алаңында көрмені ұйымдастырушы, ExpoGroup директоры Шолпан Қожабаева хабарлады.
иллюстративное фото с сайта kazfarm.kz

«Көрме іс-шараларының тақырыбы туралы айтатын болсақ, KazAgro - бұл тұқым таңдаудан бастап дайын өнім мен заманауи технологияларды қамтитын өсімдік шаруашылығының көрмесі. Өз кезегінде KazFarm – бұл мал шаруашылығына арналған», - деді спикер.


Шара жалпы, 20 мың шаршы метр алаңда ұйымдастырылады. Онда келушілер назарына тірі экспонаттар ұсынылады. Көрменің мақсаты – Қазақстанның аграрлық саладағы әлеуетін көрсету.